Malim.kz
Шоу-бизнес

Ерке Есмахан ерекше образымен көпшілікті тамсандырды

• Сабина Асқарқызы

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде махаббат, мейірім мен қатыгездік жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлемді мейірім мен махаббат қана құтқарады. Барлық адам - сүйікті жаратылыс. Өзіңнің де, өзгенің де өмірін аялап, қатігездікке жол бермейік. Күңіренген күздің басқа, жағымды жаңалықтарымен бөлісе отырыңыздар, - деп жазды өнер иесі.

Суретте Ерке қоңыр түсті пальто киіп, образын сол түстегі қолдорбамен және қара көзілдірікпен толықтырған. Әншінің аутфиті көпшіліктің көңілінен шыққан тәрізді, оқырман қауым жапа-тармағай оның стиліне тәнті болып жатыр.

«Не кисе де жарасып кетеді», «Өте әдемісіз», «Стиль, тренд, бренд», «Керемет жарасымды», «Стиліңіз ұнайды», - деп жазды оқырман.

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары