Malim.kz
Шоу-бизнес

Ерке Есмаханның 12 жасар ұлы ән шырқап, бейнебаянға түсті

Сабина Асқарқызы

Ерке Есмаханның үлкен ұлы Мүслімнің ән айтқанын өнер иесінің күйеуі RaiM-ның жаңа альбомында көруге болады, деп хабарлайды Malim.kz.

RaiM өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа альбомына енген әнінен үзінді жариялады. Ерке Есмаханның 12 жасар ұлы Мүслімнің көлік ролінде отырып әннің қайырмасын шырқауы көпшілік үшін тосын жаңалық болды.

Пікір білдірушілер Мүслім мен RaiM-ның ұқсастығын атап өтіп, жас орындаушыға сәттілік тілеген.  

«Саған ұқсапп бара жатқан тәрізді. Жарайсың, мақтат тұтар әке бол!», «Нағыз ХХІ ғасырдың әкесі», «Райымға ұқсайды екен», «Райым, баланың көңілін тауыпсың», - деп жазды оқырман қауым.

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары