Malim.kz
Спорт

Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновтің сынына жауап берді

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: ЖИ арқылы жасалған

Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұған дейін Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды "хайп қуып жүр" деп атап, онымен жекпе-жекке шықса, қарсыласын жарты раундта жеңе алатынын айтқан еді.

Еркебұлан Тоқтар бұл мәлімдемеге қатысты спарринг өткізуге қарсы емес екенін жеткізді.

"Даниярға неге сонша әсер еткенімді түсінбеймін. Ол мені жеңетінін бірінші рет айтып отырған жоқ. Егер бұл ол үшін принципті мәселе болса, еш қиындық жоқ. Тіпті спарринг өткізуге болады. Олимпиада чемпионынан жеңілу — Қазақстан үшін меніңше ұят емес", – деді ол.

Сонымен қатар Еркебұлан егер әңгіме ресми жекпе-жек туралы болса, оның кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы керек екенін атап өтті.

"Промоутерлер араласып, гонорар төлесін - мен шығуға дайынмын. Данияр екеуміз кездеспейінше, ол тынышталмайтын сияқты", – деді Тоқтар.

Бұған дейін Данияр Елеусінов те жақсы гонорар ұсынылған жағдайда мұндай жекпе-жекке келісетінін айтқан. Осылайша екі тарап та шарттар сәйкес келсе, рингте кездесуге дайын екенін білдірді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары