Malim.kz
Саясат

Ерлан Қарин: Ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау – бұрын-соңды болмаған саяси тәжірибе

• Malim Админ

Ел тарихында алғаш рет ауыл және аудан әкімдері тікелей сайланды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

Бұл – бұрын-соңды болмаған өзгерістердің бірі. Өйткені біз облыс тәжірибесінде бірінші рет атқарушы билік басшыларын тікелей сайлау режиміне көшеміз, - деді ол.

Қариннің айтуынша, сайлау кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, бүгінге дейін жаңа жүйе бойынша 2 мыңнан астам ауыл әкімі сайланған.

– 50 пайыздан астамы, қателеспесем, сайланған ауыл әкімдерінің 60 пайызы мемлекеттік қызметте бұрын-соңды жұмыс істемеген жаңа адамдар, - деді ол.

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары