Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын және Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті тәмамдаған.
Ол еңбек жолында мемлекеттік қызметтің бірнеше саласында жұмыс істеген. 1998-2002 жылдары Қазақстан Қарулы күштерінде офицерлік қызмет атқарса, кейін Премьер-министр кеңсесінде, Парламент Сенаты аппаратында жауапты лауазымдарда болды. 2011-2016 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызмет атқарған.
2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болды. 2025 жылғы 9 қаңтарда алғаш рет Әділет министрі болып тағайындалған.
Қазіргі таңда Әділет министрлігінің ресми сайтында Ерлан Сәрсембаев ведомство басшысы ретінде көрсетілген.