Malim.kz
Оқиға

Ерлі-зайыпты зейнеткерді өлтіруі мүмкін. Күдікті іздестіріліп жатыр

Malim Админ

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Талғар ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Іске байланысты тәжірибелі мамандары бар арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, - деп хабарлады департаменттен.

Күдікті туралы мәлімет пен оның суреті әлеуметтік желілерде жарияланды.

Фото: pixabay.com


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары