Malim.kz
Саясат

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды

• Мадияр Қапанбек
Ерсайын Нағаспаев. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы Жарлыққа қол қойған.

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап басқарған. Осылайша, ол ведомство басшысы қызметінде бір жыл тоғыз айға жуық уақыт жұмыс істеді. 2026 жылғы 3 қыркүйекте Президент Жарлығымен аталған лауазымға қайта тағайындалған болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары