Malim.kz
Экономика

Ертең тағы бір жаңа рейс ашылады: Алматы-Измир

Айгүл Таңатар
https://aeroaffaires.ru

2026 жылдың 31 шілдесінен бастап Алматы мен Түркияның Измир қаласы арасында тікелей тұрақты әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы Қазақстанның Көлік министрлігі хабарлады.

Жаңа бағыт бойынша рейстерді түркиялық SunExpress әуе компаниясы орындайды. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Түркия арасындағы көлік қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарын дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді.

Алматы – Измир бағытының ашылуы қазақстандықтарға Түркияның Эгей теңізі жағалауына тікелей жетуге мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы әуе қатынасының қолжетімділігін арттырмақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары