Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар Ертіс өзенінен екі адамның мәйітін алып шықты. Оның біреуі – 1990 жылы әйел болса, екіншісі де 1990 жылғы ер адам. Айта кетерлігі, денесі табылған ер адам Ресей азаматы, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1990 жылғы әйел 18 мамыр күні суға кеткен.
«Бүгін, 1 маусым күні құтқарушылар Ертіс ауданындағы Ертіс ауылының маңынан бір әйелдің денесін тапты. Ол 18 мамыр күні өзенге түсіп, су астына кеткен еді. Сондай-ақ бүгін Ертіс өзенінен 1990 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Ресей азаматы 28 мамыр күні суға секіріп, батып кеткен еді», - деп хабарлайды ТЖМ.
Осы ретте құтқарушылар азаматтарды сақтыққа шақырып, өзеннің терең жеріне түспеу керегін ескертеді.