Malim.kz
MALIMet

Есіктің алдында кілт іздеп тұрмаңыз: тырнақ бояуымен белгі қойыңыз

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Бір баудағы кілттердің пішіні ұқсас болса, керегін бірден табу қиын. Әсіресе асығыс кезде әрқайсын құлыпқа салып көруге тура келеді. Оларды ажырату үшін үйдегі тырнақ бояуын пайдалануға болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кілттің ұстайтын жалпақ бөлігін тазалап, құрғатыңыз. Содан кейін бір шетіне бояумен шағын белгі салыңыз. Мысалы, үйдің кілтіне қызыл, қақпанікіне көк түс таңдаңыз. Есте сақтауға ыңғайлы болу үшін екі-үш түстен бастаған жөн.

Бояуды жұқа етіп жағып, толық кепкенше кілттерді бір-біріне тигізбеңіз. Әйтпесе жабысып, бояуы басқа заттарға жұғуы мүмкін. Кілттің құлыпқа кіретін тісті бөлігіне бояу жақпаңыз.

Бір ғана түсті бояу болса да жеткілікті. Ең жиі қолданатын кілтке белгі қойсаңыз, оны қалғандарының арасынан оңай танисыз. Бояу уақыт өте өшсе, жаңартып қоюға болады.

Ал пластик қаптамасы немесе электронды бөлігі бар кілтке бояу жағудың орнына түрлі түсті арнайы кілтқап кигізген ыңғайлы.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары