Malim.kz
Оқиға

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Сұлу Бөлек

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан. Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: Polisia.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары