Malim.kz
Оқиға

"Ешкім мені төсекке жатқыза алмайды... Ғабеңнің алдында мен тазамын" – Раиса Мұхамедиярованың әсерлі сөзі

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Марқұм актриса Раиса Мұхамедиярова сұлулығы мен талантының арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген өнер иесі болған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ханшадай көркімен көз тартқан актрисаға әйгілі жазушы Ғабит Мүсірепов ғашық болып, араларындағы едәуір жас айырмашылығына қарамастан, екеуі шаңырақ көтерген. Ол кезеңде Раиса Мұхамедиярова небәрі 25 жаста болса, жазушы алпыстан асқан еді. Алайда сегіз жылға созылған бұл неке ұзаққа бармай, ажырасумен аяқталған. Актрисаның айтуынша, отбасылық өмірдің бұзылуына негізсіз өсек-аяң мен алыпқашпа сөздер себеп болған.

"Өзімнің тазалығымды білемін. Қанша жігіттер қасымда жүрсін, солармен ішіп жүрейін, бірақ төсекке ешкім мені жатқыза алмайды. Себебі, мына жерде Ғабең жүрді. Ғабеңнің алдында мен тазамын. Жұрт не десе де, өзі не ойласа да", – дейді Раиса Мұхамедиярова. 

Жазушы мен актриса бірге екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ал бұл некеден кейін Раиса Мұхамедиярова өмірін қайта ешкіммен байланыстырмай, жалғыз ғұмыр кешкен.

Өнердегі әріптесі, ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов марқұмның болмысы мен мінезі жайында ой бөлісіп, оның қайсарлығы бәріне бірдей ұнай бермегенін айтты.

"Орыстар айтады ғой, "гордый" деп. Сондай көкірек, өзінің талантына қарай мінезі болды ғой енді. Онсыз болмайды. Ол мінез біреуге жақса, біреуге жақпады. Балалар мен жасөспірімдер театрынан кетті, кинода да оған лайықты үлкен рөлдер болмады. Сондай әртүрлі жағдаймен кібіртіктеп қалды. Соның бәрі адамның жүйкесіне, денсаулығына әсер етеді ғой", – дейді ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов.  

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары