Malim.kz
Спорт

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

• Мадияр Қапанбек
Эсмигүл Куюлова. Фото: Сали Сабиров / Olympic.kz

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюлова 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллаевамен кездесті.

Кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Осыдан кейін балуандар "голден скор" кезеңінде күресті жалғастырды.

Шешуші сәтте Эсмигүл Куюлова "ваза-ари" ұпайын алып, қарсыласынан басым түсті. Белдесу 6 минут 7 секундқа созылды.

Осылайша қазақстандық дзюдошы Азия ойындарында тағы да жүлдегер атанды. Ол бұған дейін Ханчжоу-2022 ойындарында да қола медаль иеленген еді.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Дана Әбдірова да қола жүлде үшін күресті. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Солтүстік Корея өкілі Ким Хён Амен белдесті.

Бұл кездесуде КХДР спортшысы "юко" ұпайымен жеңіске жетті. Нәтижесінде Дана Әбдірова жарысты жүлдесіз аяқтады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары