Эстония Ресейге кеткен жерін қайтарып алғысы келетінін тағы да мәлімдеді. Бұл дау Ресейдені екі облыс территориясына қатысты дейді КазТАГ ақпарат агентті.
«2 ақпанда Эстонияның тәуелсіздігін, дербес мемлекеттілігін Ресей мойындаған Тартуск бейбіт келісім шартының жүз жылдығын атап өтеміз. Сол кезде Эстония мен Ресей шекарасы келісіліп, бүгінге дейін күшінде тұрған халықаралық құқықта мойындалған»,–депті Эстония парламент спикері Рийгиког Хенн Пыллуаас жаңа жылдық телеарнадағы құттықтау сөзінде.
2005 жылы екі мемлекет шекара сызығын бекітуге қатысты келіссөз жүргізген. Алайда Эстония парламенті Тартуск шартын алға тартқаннан кейін Ресей келіссөзді тоқтатып тастаған. 2014 жылы екі мемлекет ортасында қосымша келісім-шарт жасалғанымен, екі ел парламентінің ратификациясынан әлі өткен жоқ.
Оқи отырыңыз: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды