Malim.kz
Шоу-бизнес

"Еттің дәмін ажырататын жасқа жеттік": Марат Оралғазин Жезқазғанның етін мақтады

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Танымал тележүргізуші Марат Оралғазин қай өңірдің етін ұнататынын айтты. Руслантай жүргізетін "Отағасы" аспаздық шоуына қатысқан ол соңғы уақытта Жезқазғанның сүрленген еті көңілінен шығып жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдарлама барысында Оралғазин әр өңірдің етінің өзіндік дәмі бар екенін атап өтті.

"Әр жердің өзінің еті күшті деп ойлаймын. Маған қазір Жезқазғанның еті ұнап жүр. Жезқазғанның еті. Біз қазір еттің дәмін ажырататын жасқа жеттік қой", – деді ол әзілдеп.

Тележүргізуші сөзін жалғастырып, Жезқазғанда сүрленген етті ұнататынын нақтылады.

Пікір қалдырған оқырмандардың бірі: "Иә, біздің Жезқазған өңірінің етіне ештеңе жетпейді ғой", – деп тележүргізушінің сөзін қолдады.

Марат Оралғазин кім?

Марат Оралғазин – қазақстандық тележүргізуші, әзілкеш, сценарист және продюсер. Шығармашылық жолын КВН ойындарынан бастап, кейін телевизиядағы әзіл-сауық жобалары арқылы көпшілікке танылды.

Ол "Мәссаған", "Қызық Times", "Қызық Live" бағдарламаларын жасаушылардың бірі. Көрермен оны Еркебұлан Мырзабекпен бірге жүргізген жобалары арқылы да жақсы біледі. Оралғазиннің шығармашылық жұмысы телебағдарламалармен шектелмейді: ол "Вузеры", "Патруль", "Бәсеке" секілді комедиялық телехикаяларды жасауға да атсалысқан.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары