Facebook корпорациясына тиесілі Facebook, Instagram мен WhatsApp мессенджерлері уақытша істен шығып, бірнеше сағат ішінде корпорация акциясы шамамен 5 пайызға құлдыраған.
Аталған желілер ақауы Қазақстанмен қатар АҚШ, Батыс Еуропа мен Ресей қолданушыларына да байқалған. Корпорация өкілдері біраз уақыт өткен соң ресми мәлімдеме жасап, расымен ақау болғанын хабарлады.
Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бірнеше сағат істемей қалуына байланысты Facebook акциялары 5 пайызға дейін құлап, корпорация негізін қалаушысы Марк Цукерберг шамамен 6 миллиардтан айырылып қалды.