Malim.kz
Оқиға

Fly Arystan-нан шыққан шу: 12 жолаушы сапарынан қалып қойды (ВИДЕО)

Malim Админ

Желіде Fly Arystan әуе компаниясының кей жолаушыларды бортқа кіргізбей қойғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды. 


Әуе компаниясына байланысты шыққан шудың видеосын әлеуметтік желіде журналист Асхат Ниязов жариялады.  

Видеода Fly Arystan әуе компаниясының қызметкері мен жолаушылар айтысып жатқанын көруге болады.

12 адам өз бортымен ұша алмай қалды, – деп жазды блогер, журналист желіде.

Әзірше әуе компаниясы ресми жауап берген жоқ.  

Фото:  видеодан скрин 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары