Malim.kz
Саясат

Франция Президенті Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

Арман Қайыпхан

Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен Париж қаласында кездескен Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісінде қазақ тілінде мәтін жариялады, деп хабарлады Malim.kz.

«Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Фрнацияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», – делінген жазбада.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Президенті мен Француз Республикасы Президентінің Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту туралы бірлескен декларация қабылдады.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары