Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

FREEDOM FINANCE vs ҚазТАГ. Журналистердің үстінен қозғалған іске түсініктеме берілді

Құқық
FREEDOM FINANCE vs ҚазТАГ. Журналистердің үстінен қозғалған іске түсініктеме берілді
© malim.kz

Астана, malim.kz. Бүгін (19 желтоқсан) Астанадағы Ұлттық Баспасөз Клубта ҚазТАГ ақпараттық агенттігі өкілдері өздерінің үстінен қозғалған іс бойынша түсініктеме берді.

Бұдан бұрын Freedom (қожасы - миллиардер Тимур Турлов) компаниясы ҚазТАГ басшыларының үстінен іс қозғатқанын хабарлаған болатынбыз. Қылмыстық іске - банктің әрекеттерінен зардап шеккендердің өз сөздерінен келтірілген дәйексөздер негіз болған. Бұған қоса, ҚазТАГ тарапы өздерінің үстінен қозғалған іс бойынша тергеу бірнеше ай бойы сырттай, жасырын жүргізілгенін мәлімдеген. Бұл іс қоғамда резонанс тудырып, тіпті халықаралық адам құқы ұйымдарының, дипломатиялық өкілдіктердің үндеу жасауына әкелді. Ал мәдениет-ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық ұйымдардың мұндай әрекеттеріне жағдайды дұрыс түсінбеу деген баға берді. 

ҚазТАГ өкілдері осы жағдайға жария түрде түсініктеме беру үшін ашық баспасөз конференциясын өткізді. Айта кету керек, баспасөз конференциясына басқа пікірдегі блогерлер де жария түрде шақырылды. Бүгін ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қарсы тараптың өкілдері болып есептелетін Андрей Чеботаревті, Денис Кривошеевті және тағы сол сияқты адамдарды шақырғанын растады. 

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов бұрын өзі жариялаған - тергеу амалдары кезінде жасалған қысым туралы айтып өтті. Ол полицияның - дәретханаға жібермеу сияқты адамның ар-ожданын мансұқтайтын әрекеттері туралы әңгімелеп берді. Дәл сол уақытта, Әмір Қасенов полицияның әрекеттеріне берген бұл бағасын өзінің жеке көзқарасы екенін, бірақ тергеу кезінде көптеген әрекеттер басқаша мазмұнда болатынын атап өтті. 

Қазір, жаңалық қатталып жатқанда - баспасөз конференциясы жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу