Malim.kz
Спорт

Геннадий Головкин "Миротворец" сайтының базасына енді

Мадияр Қапанбек
Геннадий Головкин. Фото: ҰОК

World Boxing ұйымының президенті және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енгізілді, деп Malim.kz тілшісі Sportinside.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин туралы мәлімет аталған ресурста 15 тамызда жарияланған.

Сайттағы жазбада оның базаға енгізілуіне World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастау жөніндегі шешімі себеп болғаны көрсетілген. Осы шешімнен кейін Ресей боксшылары халықаралық жарыстарда ұлттық туы мен басқа да рәміздерін пайдаланып өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

"Миротворец" сайты 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Онда ресурс авторлары Украина қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейтін түрлі тұлғалар туралы мәліметтер жарияланып келеді. Бұл базаға әр жылдары саясаткерлер, журналистер, өнер өкілдері және қоғам қайраткерлері енгізілген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында Римде өткен World Boxing конгресінде ұйым президенті болып бекітілген.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары