Malim.kz
Оқиға

Геннадий Головкин Өзбекстан президентімен кездесті

Айбын Атабай
ҰОК

World Boxing халықаралық федерациясы мен Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың қабылдауында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және Азия құрлығындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы рөліне тоқталып, елдің халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып келе жатқанын атап өтті. Сапар аясында World Boxing пен Өзбекстан арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған ортақ жобалар сөз болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкентте жұмыс сапарымен жүр. Ол бұған дейін Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясына қатысты. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары