Malim.kz
Оқиға

Германия Дүйсеновн Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қадағалау органының баспасөз қызметі Мақсат Дүйсеновті Германияның Қазақстанға беруден бас тартқанын растап отыр. 

Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланған болатын.

Кейін оның Германияның Фюрт қаласында ұсталғаны хабарланған еді. Ал ө0

ткен жылдың қазан айында Бас прокуратура өкілдері оны Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары