Malim.kz
Құқық

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның күйеуі мен енесі табылмай жатыр

Айбын Атабай
instagram.com/podslushano.de

Қазақстанда Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Ақпаратқа сәйкес, Александр мен Наталья Донцовтарға қатысты іздестіру ісі кеше, 9 желтоқсанда, Жетісу облысында тіркелген. Іздеуге бастамашы - ІІМ. Іздеуді жүргізетін Талдықорған полиция басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ Қазақстанда бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты ҚК-нің 110-бабы бойынша іс тергеліп жатқанын растады. Бұл эпизод Жетісу облысындағы оқиғаларға байланысты және судьяның Германиядағы өліміне қатысты негізгі тергеуден жеке қаралып отыр. Бас прокуратура неміс құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеуді жүргізіп жатқаны айтылды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары