Malim.kz
Құқық

Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Сабина Асқарқызы
Фото: Видеодан скрин

Грузияның Имеретия аймағында есірткіге қатысты ауыр қылмыс күдігімен Қазақстан мен Украина азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2008 жылы туған жігіт пен қыз аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сатып алу, сақтау және сату әрекеттеріне қатысы бар деген күдікке ілінген. Күдіктілер әртүрлі уақытта қолға түскен.

Тінту барысында олардың уақытша тұрып жатқан жерлерінен есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу кезінде күдіктілер метадонды таратуға арналған жасырын орындарды өздері көрсеткен.

Полиция сондай-ақ есірткіні өлшеу және орауға арналған құралдарды да айғақ ретінде тәркілеген. Ұстау сәтінің видеосы да жарияланды.

Аталған дерек бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260-баптарының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына соттау жазасын қарастырады.

Қазіргі уақытта іс бойынша нақты сот шешімі әлі шығарылған жоқ, тергеу амалдары жалғасуда.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары