Malim.kz
Спорт

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Malim Админ

Футболдан Грузия құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды. Грузиялық құрама Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кетті. Есеп – 4:2.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Осылайша Грузия алғаш рет Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.

Енді грузиялық футболшылар Португалия, Түркия және Чехиямен кездеседі.
Айта кетсек, Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімен, ал Грекия Қазақстанды 5:0 есебімен жеңген еді.

ФОТО: pixabay

Malim Админ
Автордың басқа материалдары