Гуанчжоу – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желідегі деректерге сәйкес, қайғылы жағдай 2025 жылдың 11 желтоқсанында болған.
Көліктегі Полиция департаменті бұл оқиға бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.