Malim.kz
Спорт

Ғұсман Қырғызбаев Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Арман Қайыпхан

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта израильдік Гуй Гутманмен кездесті.

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев тиімді әдіс қолданып жеңіске жетті.

Келесі қарсыласы - Нурали Эмомали (Тәжікстан).

Фото: olympic.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары