Malim.kz
Құқық

Яна Легкодимова ісі: анасы қызының жүкті болғаны үшін өлтірілгенін айтты

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Қылмыстық істер жөніндегі сотта жәбірленушінің анасы айыпталушының мәлімдемелерін жоққа шығарып, басты себеп қызының жүкті болуы мүмкін деген сенім екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұмның анасының айтуынша, қызы сабырлы, тәрбиелі болған, өмірін оқуға және өз-өзін дамытуға арнаған.

— Ол 23 жастағы қыз. Үйден шықпайтын, тек оқитын, жұмыс істейтін, өзін жетілдіруге ұмтылатын. Ал енді оны ішімдікке, нашақорлыққа салынған, жеңіл жүрісті етіп көрсетуге тырысып отыр. Бұл шындыққа мүлде сай келмейді, — деді ол.

Галина Легкодимова сот залында айыпталушының алғашқы күннен бастап шындықты жасырып келе жатқанын мәлімдеді.

— Ол неге бір рет те шындықты айтпады? Себебі оның мақсаты — менің баламды құрту болды. Неліктен дәл қазан айында? Себебі мен әлі де қызым жүкті болған деп ойлаймын. Сол үшін ол тез арада қызымды өлтіруге шешім қабылдады, — деді жәбірленушінің анасы.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары