Malim.kz
Шоу-бизнес

Индира Расылхан әйелдерге маңызды кеңес берді

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот / ЖИ арқылы өңделген

Әнші Индира Расылхан әйелдерге отбасы мен бала-шағаға көңіл бөлумен қатар, өздерін де ұмытпауға кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған видеосында ажырасар алдында өзіне мұндай ақылды ешкім айтпағанын жеткізді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, әйелдерге отбасын сақтауға тырысумен қатар, өзіне деген махаббатты жоғалтпау маңызды екенін айтты.

"Кезінде ажырасар алдын маған ешкім айтқан жоқ. Менің жіберген қателігімді жасамасын деген оймен жазып жатырмын. Отбасын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағандарыңызды білемін. Бала-шағаны бақтыңыздар, үйді тап-таза ұстап, күйеуді құрметтедіңіздер, бәрін кешіріп, ата-енеге жағу үшін бәрін істедіңіздер. Бірақ, бүкіл махабатты жан-жаққа шашып тастадыңыздар. Өзіңізге деген махаббат қалған жоқ", – деді Индира Расылхан.

Әншінің айтуынша, әйел адам өзіне көңіл бөлу үшін міндетті түрде ажырасуы қажет емес.

"Ажырамай жүріп те өзіңізге назар аударып, жайлы жағдай жасауға болады. “Ажырасамын, өзімді таңдаймын, ойымды өзгертемін, махаббатымды арттырамын” деген өтірік нәрсе. Оған сенбеңіздер. Онсыз да қазір ажырасу өте көп", – деді ол.

Индира Расылхан әйелдерді отбасы үшін бар күшін жұмсай отырып, өзінің қалауы мен қажеттілігін де назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары