Malim.kz
Денсаулық

"Йогамен шұғылданып, теннис ойнаймын". Президент салмақ тастауының сырын ашты

Айбын Атабай
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Turkistan” газетіне берген сұхбатында өзінің денсаулығы туралы айтып, салмақ тастауының сырын бөлісті. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, денсаулығы жақсы, қан қысымы да қалыпты.

“Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым”, – дейді Тоқаев.

Сондай-ақ журналист президенттен қай әріптестерінің спортқа жақын екенін сұрады. Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді атап өтті.

“Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында”, – деп әріптестерінің мақтауын асырды мемлекет басшысы.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары