Иран Ішкі істер министрінің арнайы көмекшісі Мұхаммед-Хасан Нами 57 мемлекеттен тұратын «исламдық НАТО» құруға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мұхаммед-Хасан Намидің айтуынша, егер 57 мұсылман елі бірігіп, өзі «исламдық НАТО» деп атаған ұйымды құрса, онда ол әлемдегі ең ірі одақтардың біріне айналар еді.
Сондай-ақ Нами мұндай альянстың зор экономикалық әлеуетке және Ормуз бұғазы мен Баб-эль-Мандеб секілді стратегиялық маңызы жоғары аймақтарға ие болатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Axios басылымы АҚШ пен Иран 60 күнге созылатын атысты тоқтату туралы келісімге қол қоятынын хабарлаған еді. Осы уақыт аралығында Ормуз бұғазы ашылады деп күтілуде.