Malim.kz
Саясат

Иран президентінің міндетін атқарушы Астанаға келді

• Берік Дәулетов

Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.

Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады.

Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.

Фото: Үкімет

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары