Malim.kz
Спорт

Ислам ойындары: Муай-тайдан Қазақстан өкілі 11-ші алтын медаль әкелді

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-ші алтын медальді салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Финалда Дүйсехан Ирак спортшысы Аяд Албадрды жеңді.

Бірінші раундта қарсылас басым түссе, қалған екі раундта жерлесіміз жеңіске жетті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары