Malim.kz
Оқиға

Испанияда соңғы 76 жылда көктемгі ең ыстық кезең тіркелді

Сабина Асқарқызы
aa.com.tr

Испания аумағында 2026 жылғы сәуір айы соңғы 76 жылдағы ең жылы кезең ретінде тіркелді. Бұл туралы AEMET мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік деректеріне сәйкес, биыл сәуір айындағы орташа ауа температурасы 15,1°C болған. Бұл көрсеткіш 1950 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ресми метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең жоғары нәтиже саналып отыр. 

Бұған дейін ең жылы сәуір 2023 жылы тіркелген еді. Ол кезде орташа температура 14,9°C болса, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 15,1°C-қа дейін өсіп, жаңа рекорд орнатқан. Мамандардың айтуынша, сәуір айының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болған. Тек 11-13 сәуір аралығында қысқа мерзімді салқындау байқалған.

Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы төрт айында да жылы кезеңдер суық күндерден басым түскен. Бұл аралық бақылау тарихындағы ең жылы кезеңдердің бірі болып отыр.  

AEMET мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында 12 рекордтық ыстық күн тіркелген. Әдетте мұндай көрсеткіш жылына шамамен 5 күнді ғана құрайды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары