Malim.kz
Спорт

Италия EURO-2020 финалына шықты

Жанар Қожанова

Италия EURO-2020 финалына шықты.

Лондонның "Уэмбли" стадионында өткен жартылай финалда команда Испания құрамасымен кездесіп, пенальти сериясында жеңіске жетті.

Италия ойыншылары 61-минутта есеп ашқан: форвард Федерико Кьеза көзге түсті. 

Испания бірнеше рет есепті теңестіруге талпынды. Осылайша 80-минутта шабуылшы Альваро Морате гол соқты.

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған. Ойын экстра-таймға өтті, онда командалар доп соға алмады. Ақырында жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда Италия футболшылары басым болды. Есеп 4:2.

Еске салайық, EURO-2020 финалына шығатын екінші команда енді ғана анықталады. Ақтық сынға шығуға Англия мен Дания футболшылары таласады. Жартылай финалдағы бұл матч 8 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де басталады.

Жанар Қожанова
Автордың басқа материалдары