Malim.kz
Оқиға

Израильдің Ливанға шабуылынан қаза тапқандар саны үш мың адамға жуықтады

Сабина Асқарқызы
aa.com.tr

Ливан аумағында Израиль армиясының шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 2 759 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігі 2 наурыздан бері жалғасып жатқан Израиль шабуылдарынан зардап шеккендер туралы жаңартылған мәлімет жариялады. Ведомство дерегінше, осы уақыт аралығында қаза тапқандар саны 2 759-ға, ал жараланғандар саны 8 512 адамға жеткен. Бұған дейін министрлік Израиль шабуылдары салдарынан 2 727 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

2 наурызда Израиль әскері Ливан аумағына қарқынды әуе соққыларын бастап, елдің оңтүстігіндегі бірнеше елді мекенді бақылауға алған.

Ливан үкіметінің мәліметінше, қақтығыс салдарынан ел ішіндегі босқындар саны 1 миллионнан асқан.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 17 сәуірде күшіне енген Израиль мен Ливан арасындағы 10 күндік уақытша бітім тағы үш аптаға ұзартылғанын мәлімдеген болатын.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары