Көмекті тапсыру рәсімі премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапары барысында өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан делегациясын бастап барған вице-премьер ауғанстандық әріптесі Абдул Ғани Барадармен кездесті.
Сапар аясында Серік Жұманғарин Ауғанстанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Наджибулла Хакканимен кездесті. Қазақстандық компаниялар Ауғанстандағы инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық жобаларға атсалысуға ниетті екенін атап өтті. Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің өзара тауар айналымын әртараптандыру мүмкіндіктерін талқылады.
Фото: Үкімет