Malim.kz
Саясат

Камала Харрис Дональд Трамптың қаупі туралы ескертті

Руслан ЕРБОТА

Харрис қараша айындағы сайлауда Трамп жеңіске жеткен жағдайда,ол "бірінші күнен" диктатор болатынын алға тартты. Сондай-ақ, әділет министрлігін өзінің саяси қарсыластарын қудалау құралы ретінде қолданатындығын жеткізді. 2022 жылдың соңында Трамп сайлаудағы манипуляциялар нәтижесінде 

президенттіктің екінші мерзіміне қол жеткізе алмағанын мәлімдеген еді. 

"Осы ауқымдағы алаяқтық барлық ережелер мен баптарды, тіпті Конституцияда дүниелерді жоюға мүмкіндік береді", - деп жазған еді Трамп сол уақыттары. 

"Америка Құрама Штаттарының Конституциясын тоқтатуды ұсынатын адам ешқашан Президенттің мөрін ұстамауы керек", - деді Харрис Висконсин штатындағы О-Клэр қаласында демократтардың сайлауалды емес митингісінде сөйлеген сөзінде. 

Ол америкалықтарды трампизмнің "хаосын, қорқынышын және жеккөрушілігін" жоққа шығаруға шақырды. 

Харристің пікірінше, Трамптың президенттікке оралуы елді өткен дәуірге апарады. Демократиялық партияның кандидаты Трамптың жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауап бергенін және миллиондаған долларлық алаяқтық үшін сотталғанын көпшілік қаперіне салды. 

Фото: dw.com

"Неміс толқыны" материалы бойынша дайындалды

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары