Malim.kz
Оқиға

Каналдан денесі табылған 16 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды

Айбын Атабай
Видеодан скрин

Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz bairaqmedia.kz сайтына сілтеп.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, ол сол ауданның тұрғыны болып шықты.

Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, — деді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.

Айта кетейік, 3 маусымда Шиелі ауданының тұрғыны полицияға канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Туыстары қыздың 2 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Сондай-ақ марқұмның жақындары күдікті оқушыны асқан қатыгездікпен өлтіріп, мәйітті елсіз жердегі ағынды суға лақтырып

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары