Malim.kz
Саясат

Кәрім Көкірекбаев ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды

Malim Админ

«ҚР ТЖМ Қазселденқорғау»  мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев үлкен сомада пара алды деген күдікпен ұсталды.  Оның ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Агенттік мәліметінше, Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION» – «INFR» ЖШС филиалының директоры Андрея Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Бұрын, 2013 – 2018 жылдары Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарып келді. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған болатын.      

Malim Админ
Автордың басқа материалдары