Malim.kz
Экономика

KASE: доллар бағамы 475 теңгеден төмен түсті

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеуін жалғастырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 474,42 теңгені құрап, бір күнде 4,81 теңгеге арзандады.

Еуро бағамы да төмендеп, 540,58 теңгеге жетті. Еуропалық валюта бір күнде 5,23 теңгеге құнсызданды.

Ресей рублі де арзандап, 6,0731 теңге болды. Оның бағамы тәулік ішінде 0,0656 теңгеге төмендеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары