Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитов, Мұратбай Әжібаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық сайлауалды штабында өткен онлайн кездесуде кандидаттар кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
Сонымен қатар кандидаттар «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны қолдау туралы бағдарламаның негізгі бағыттарын айтып өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл сайын 10 кәсіпкерге несие беріледі.
«Ақтөбеде бір жыл ішінде кемінде бір заманауи форматтағы супермаркет ашу жоспарланып отыр» деген Айгүл Арынғазиева кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген дамудың жеті басымдылығына тоқталды.
Сөз соңында Мұратбай Әжібаев кәсіпкерлерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
"Біздің бағдарлама Ақтөбе қаласын кешенді дамытуға бағытталған. Біз қаламыздың бәсекеге қабілетті болуы үшін қашан да тырысамыз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратын болады,-деді Мұратбай Әжібаев.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.