Malim.kz
Спорт

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов рингке оралады

Malim Админ

BoxRec таратқан ақпаратқа сәйкес, Ахмедов 31 тамыз күні Американың Санта Инес қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға оралып, жергілікті боксшы Антонио Тоддпен (17-10,9КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.


Айта кетерлігі, Садриддин Ахмедов соңғы айқасын екі жыл бұрын Алматы қаласында өткізіп, Оңтүстік Африкалық боксшы Нкулулеко Мхлонгоны алғашқы раундта жеңген.

Садриддин Ахмедов - 2016 жылғы жастар арасында бокстан әлем чемпионы. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, Канадада алғашқы жекпе-жегін өткізді. 13 айқасында, қазақстандық боксшы супер жартылай орта салмақта WBC Youth World, WBC Asian, NABF және WBC Francophone чемпиондық титулдарын иеленді.

Фото: prosports.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары