Malim.kz
MALIMet

Каспий теңізінен жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Каспий теңізінен бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні шамамен сағат 09:15-те іздестіру-құтқару жұмыстары барысында сержант Мансур Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылған.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство марқұмдардың отбасыларына қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, қайғылы жағдай оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағысы ашық айдынға алып кеткен. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары