Malim.kz
Оқиға

Каспий жағалауынан тағы 20 өлі итбалық табылды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Каспий теңізінің жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Түпқараған ауданының жағалау аумағынан 20 итбалықтың өлексесі анықталған.

«Тұщыландыру зауытынан Баутино ауылындағы “KCA” жағалауына дейінгі аралықта 20 итбалық пен бекіре тұқымдас 8 балықтың өлексесі табылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Ал 2 маусымда зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласы маңындағы теңіз жағалауынан су сынамаларын алған.

Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін де Ақтау маңындағы жағажайдан өлі итбалықтар табылған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары