Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебіне қатысты жайт белгілі болды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебіне пікір білдірген еді.
Мұндай жайт бізде алғаш рет болып отырған жоқ. Бұл табиғи құбылыстарға байланысты. Оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газ бөлініп жатады. Әдетте өлекселерді шіріген кезінде тауып аламыз. Өйткені, оларды толқын жағаға шығарып тастайды, - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін.
Қазақпараттың жазуынша, өлекселердің табылуына байланысты қажетті сынамалар алынып, зерттеу жалғасып жатқан көрінеді.
Дегенмен, ешқандай ауру белгілерін таппадық. Бұл жағдайда да сынамалар алып, зертханаларды тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз, - деді Аманғали Бердалин.