Malim.kz
MALIMet

Kaspi.kz арқылы жол ережесін бұзған видеоны көруге болады

Алуа Әшірбекова
Фото: Qumash.kz

Kaspi.kz қосымшасында жол қозғалысы ережесін бұзған сәттің видеосын көруге мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.  

Жоба Kaspi.kz пен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп жүзеге асырылған.

Енді айыппұл салынған жағдайда клиент төлем жасау парақшасы арқылы құқық бұзушылық тіркелген видеоны сұрата алады. Өтініш мемлекеттік орган тарапынан өңделгеннен кейін Kaspi.kz қосымшасына тиісті хабарлама келеді.

Видео қосымшада 7 күн бойы қолжетімді болады. Айыппұл төленгеннен кейін де бейнежазбаны төлемдер тарихы арқылы көруге мүмкіндік бар.

Жаңа сервис туралы толық ақпарат Kaspi Гид бөлімінде жарияланған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары