Malim.kz
Экономика

Kaspi.kz депозит бойынша мөлшерлемені көтереді

Сұлу Бөлек

Kaspi.kz Kaspi Депозит пен Kaspi Pay Депозит бойынша мөлшерлемені 15%-ға дейін көтереді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

10 сәуірден бастап Kaspi.kz Kaspi Депозит пен Kaspi Pay Депозит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін 14%-дан 15%-ға дейін арттырады.

Мөлшерлеме автомат түрде бұрыннан ашылған және жаңадан ашылатын депозиттерге қолданылады.

Kaspi.kz депозиттері – елдегі ең танымал депозиттердің бірі. Қазақстандықтар мен қазақстандық компаниялар Kaspi.kz-ке 6 триллион теңгеден астам қаражатын сеніп тапсырған.

Фото: pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары