Malim.kz
Құқық

Кассирлер миллиондаған қаржыны жымқырған. «Қазпошта» пікір білдірді

Malim Админ

2023 жылдың соңында  «Қазпошта» АҚ-да бірқатар өңір бойынша жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған  еді. Компания ақша ұрлығына қарсы күресті жалғастырып жатқанын хабарлады.     

«Барлық заңбұзушылықты тексеру және бақылау қызметі және «Қазпошта» АҚ қауіпсіздік қызметі анықтайды. Құқық бұзушылықтар міндетті түрде хабарланады және құқық қорғау органдарына беріледі. «Қазпошта» тиісті органдармен белсенді өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жалғастырады», - деп түсіндірді тілшіге баспасөз қызметі.    

Еске салайық, Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуін талдау қорытындысы бойынша "Қазпошта" АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету деректерін анықтаған. 

Фото: Gov.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары