Malim.kz
Оқиға

Келін түсіремін деген әйел тойда жоғалған қызын таныған

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Ұлының үйлену тойында келінінің қолындағы қалды байқаған әйел оның көп жыл бұрын жоғалған туған қызы екенін білген. Ерекше оқиға туралы South China Morning Post басылымы 2021 жылы жазған, деп Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Басылымның жергілікті ақпарат құралдарына сүйеніп жазуынша, күтпеген жағдай үйлену тойында болған. Күйеу жігіттің анасы болашақ келінінің қолындағы туа біткен белгіге назар аударған. Мұндай белгі оның сәби кезінде жоғалған қызында да болған екен.

Көңіліне күдік ұялаған әйел қалыңдықтың ата-анасынан қызды асырап алған-алмағанын сұраған. Олар оның шынымен асыранды бала екенін айтқан.

Осылайша, келін болып түскелі тұрған бойжеткеннің сол әйелдің көп жыл бұрын жоғалтқан қызы екені белгілі болғаны хабарланған.

Алайда бұл жаңалық жастардың некесіне қатысты тағы бір сұрақ туғызған: сонда қалыңдық пен күйеу жігіт туыс па?

Мәселенің мәнісі кейін ашылған. Әйел қызын таба алмаған соң, ұл асырап алған екен. Демек, үйленгелі тұрған екі жастың арасында қан жағынан туыстық болмаған.

Басылымның жазуынша, осы жайт анықталғаннан кейін той жалғасқан. Ұлына келін түсіруге дайындалған әйел үшін бұл күн жоғалған қызымен қайта қауышқан күнге де айналған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары